Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ақпарат агенттіктерінің медиа кеңістікте өзіндік маңызды орны бар. Өйткені, олар ақпаратты бірінші болып жеткізіп, күрделі тексеру процесінен өткізіп барып қана тарататындықтан, агенттіктерге деген аудитория сенімі жоғары. Қазір агенттік журналистері мен редакторларының кәсіби дайындығы, тәжірибесі жоғары факт-чекинг жобаларында сұранысқа ие. Бұқаралық медиаға, журналистерге деген сенім төмендеп, белгілі бір жеке мақсатты алға қойған жалған ақпарат, дипфейк пен дезинформация кеңінен тарап жатқанда ақпарат агенттіктері бұл үрдіспен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – ақпарат агенттіктерінің факт-чекинг материалдарына тақырыптық, мазмұндық және құрылымдық талдау жасай отырып, факт-чекинг бағытындағы бастамаларға шолу жасау, мән-маңызын айқындау. Зерттеу әдісі ретінде факт-чекинг материалдарының аудиторияға ықпалы мен тиімділігін талдап, ақпарат таратудағы әдіс-тәсіліне ғылыми тұжырым жасау. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық мәні fact-check.kz, stopfake.kz жобаларының қызметін саралауға және медиасауаттылық тақырыбын айқындауға бағытталды. Мақалада факт-чекерлер өз жұмысында түрлі құралдарды, бағдарламаларды қолдана алатындығы, мұндай бағдарламалар тексеруге негізі бар мәлімдемелерді анықтауға, оларға қатысты барлық деректі әлеуметтік желіде іздеуге, кез-келген материалдың авторын анықтауға, ақпарат көзінің беделінің (репутациясы) деңгейін айқындауға  көмектесетіндігі көрсетілді. Сондай-ақ, автоматты факт-чекинг жүйелері, бұдан өзге, тексеру тақырыбына байланысты факт-чекинг материалдары талданып, мәліметтер қарастырылды. Мақаланың зерттеу методологиясына ҚазАқпарат және Рейтерс агенттіктерінің факт-чекинг материалдары тақырыбы, олардың мазмұны, құрылымы салыстырмалы сараптама негізінде алынып, қазіргі таңдағы медиакеңістіктегі маңызы, өзіндік орны айқындалды. Зерттеу қорытындысына қалыпты нәрсеге айналған жалған ақпарат, дезинформация, дипфейк, жасанды интеллект арқылы жасалған контент санының арту салдары бағамдалып, медиакеңістіктегі шынайы ақпаратты тексеру маңызы талқыланды. Ғылыми жұмыстың практикалық мәні отандық медиадағы факт-чекингпен тұрақты түрде айналысатын fact-check.kz материалының мазмұны мен құрылымы арқылы қарастырылды. Материалдар мен әдістер: зерттеу аясында контент сараптама, салыстырмалы сараптама, әдебиеттерге шолу әдістері қолданылды. Мақалада жалпы факт-чекинг процесінің ерекшеліктері мен тиімділігі зерттелген мақалаларға (атап айтсақ, зерттеушілер С.Шапиро мен Л.Грейвстің еңбектері), сондай-ақ жалпы факт-чекинг жобалары мен бастамаларына шолу жасалып, ҚазАқпарат және Рейтерс агенттіктерінің факт-чекинг материалдарының мазмұнына, сапалық жұмыстарының мәніне, сапасына ғылыми сараптама жасалды.</jats:p>

Show More

Keywords

фактчекинг мен ақпарат және агенттіктерінің

Related Articles